Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

Қазақ ұлттық хореография академиясы – Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі оқу орны. Ол Қазақстанның балет өнері үшін классикалық дәстүрге адалдық пен эксперименттің батылдығын ұштастыратын тамаша ортаны қалыптастыруға бағытталған.

 

Қазақ ұлттық хореография академиясы – Орталық Азиядағы көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білімнің толық циклі бар алғашқы жоғары оқу орны. Оқу орнында бастауыш, техникалық және кәсіптік білім, жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, PhD докторантура) білім беріледі.

 

Шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен 40-тан астам келісімшарт, келісімдер, меморандумдар жасалған. Академияда Жапония, Эстония, Индонезия, Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан және басқа да елдердің азаматтары білім алады. Жыл сайын елдердің географиясы кеңейіп келеді. Академия Астана қаласы бойынша ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының өңірлік үйлестірушісі болып табылады.

 

Тәжірибе базалары ретінде 36 ұйым қызмет етеді, олардың қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Астана Балет» театры, Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры және басқалары бар. Студенттер отандық және шетелдік театрлардың кіші және үлкен сахналарында өнер көрсету арқылы балет өнерінің бірегей тәжірибесін жинақтау мүмкіндігіне ие.

Жатақхана бар
6В021
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл

Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз