Ақсу қара металлургия колледжі - өңірдегі ең көне оқу орындарының бірі. Колледж металлургия саласы үшін, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауыты үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған.
Колледжде зертханалар, компьютерлік сыныптар, дайындалатын мамандықтар бойынша 5 цехтары бар оқу шеберханасы, спорт, гимнастика, теннис және тренажер залдары, кітап қоры 20 мыңнан астам дана кітапхана, 250 орындық акт залы жұмыс істейді.
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша бюджеттiк оқу нысанында оқитын студенттер мемлекеттiк стипендия алады. Үздік студенттер 15% артық стипендия алады.
Білім беру процесінің құрамдас бөлігі «Ақсу ферроқорытпа зауыты» ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының базасындағы өндірістік практика болып табылады. Ақсу қара металлургия колледжі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты арасында жасалған әлеуметтік әріптестік шеңберінде өндірістік практикаға ақы төлеу енгізілді.
Колледждің көптеген студенттері өндірістік тәжірибеден өту кезінде болашақ жұмыс орындарын табады. Колледж студенттерінің бітіргеннен кейінгі жұмыспен қамтылуы - 86%.
Түсуге қажетті құжаттар:
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Медициналық анықтама флюорография түсірілімімен 075-У;
- 3х4 см көлемдегі фотосуреттер - 4 дана;
- Файл қалтасы;
- Егу паспорты (түпнұсқа).
Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Ақсу қара металлургия колледжі

Колледж контактiлері: