Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі - Алматының ірі техникалық жарақтандырылған кәсіптік оқу орындарының бірі. Азаматтық авиация сервисі колледжінен қайта ұйымдастырылды. Колледждің миссиясы - ел экономикасын автомобиль көлігі және жеңіл өнеркәсіп саласындағы креативті және перспективалы жас мамандармен қамтамасыз ету.

 

Колледждің артықшылықтары:

  • Жоғары технологиялық материалдық-техникалық база: 960 орындық оқу-зертханалық кешен, әкімшілік-шаруашылық блок, құрамында 12 цех бар оқу-өндірістік орталық, 360 орындық жатақхана, спорт кешені, 200 орындық асхана.
  • Колледж сән театры I қалалық жас дизайнерлер байқауында жеңіске жеткен «Сән мектебінің үздігі» мәртебесіне ие.
  • Оқытудың жоғары сапасы. Колледж педагогтары Италия, Германия, Түркияда тағылымдамадан өтті.
  • Практикадан өту үшін кәсіпорындардың ауқымды желісі.
  • Көптеген үйірмелер мен факультативтер, спорттық секциялар, өлкетану клубы, домбыра ансамблі, әдеби қонақ бөлмесі, КТК, «Екі жұлдыз» байқауы, «Ұлан» әскери-патриоттық ойыны және т.б. өткізіледі.
Жатақхана бар
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай (9 сын.)
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай (9 сын.)/2 ж. 10 ай (11 сын.)
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай (9 сын.)
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай (9 сын.)/2 ж. 10 ай (11 сын.)

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

  • Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  • Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы: аттестат (куәлік);
  • 3х4 см фотосуреттер - 4 дана;
  • Флюоротүсірім қосымшасымен № 075-У медициналық анықтама; I және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін - медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
  • ҰБТ нәтижелері туралы сертификат (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) немесе Кешенді тестілеу сертификаты (бар болса, жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері);
  • Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).


Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар сондай-ақ олардың мәртебесін айқындайтын құжатты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгімен:

  • шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
  • азаматтығы жоқ адам - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • босқын - босқын куәлігі;
  • пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;
  • оралман - оралман куәлігі.

 

Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз