Орал қаласындағы «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК - Батыс Қазақстан облысының колледжі, техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау бойынша білім беру қызметтері нарығында көшбасшы орынға ие. Колледж 1973 жылы қоғамдық тамақтану және сауда кадрларын даярлау үшін облыстық сауда басқармасы жанындағы сауда-аспаздық мектеп ретінде құрылған; 1985 жылы мектеп кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне берілді.
Колледжде жоғары білікті мамандардың оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Магистрлердің, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 50% -ды құрайды, бұл лицензиялауда білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Оқытушылар жыл сайын кәсiби деңгейiн кәсiпорындарда бiлiктiлiктi арттыру курстарын, тағылымдамадан өтудi және магистратурада оқуды аяқтау жолымен арттырады.
Колледжде оқытудың дуальді жүйесі бар, оқушылар уақыттың 60% өндірісте өткізеді. Колледж қаланың 60-тан астам кәсіпорындарымен тұрақты серіктестік байланысқа ие, онда оқушылар кәсіби практикадан табысты өтеді. Түлектердің 90% -ы оқуын аяқтағаннан кейін колледждің әлеуметтік серіктестерінің кәсіпорындарында жұмысқа орналасады.
Түсуге қажетті құжаттар:
- білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
- медициналық анықтама (№ 075-У, 063 нысан) және флюорография;
- 3х4 фотосуреттер - 6 дана.
Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Сервис және жаңа технологиялар колледжі

Мамандықтар
|
Код
|
Бір жылға бағасы
|
Оқу мерзімі
|
|
---|---|---|---|---|
Тамақтануды ұйымдастыру (10130300) | ||||
Кондитер-безендіруші |
10130301
|
|
2 ж. 10 ай (9 сын.)
|
|
Аспаз |
10130302
|
|
2 ж. 10 ай (9 сын.)
|
|
Технолог |
10130303
|
|
2 ж. 10 ай (9 сын.)
|
|
Туризм (10150100) | ||||
Туризм бойынша менеджер |
10150104
|
|
2 ж. 10 ай (9 сын.)
|
|
Тігін өндірісі және киімді модельдеу (07230100) | ||||
Аржайы тігінші |
07230102
|
|
2 ж. 10 ай (9 сын.)
|
|
Колледж контактiлері: