Орал политехникалық колледжі - Батыс Қазақстан облысындағы бастауыш кәсіптік білім беретін ең көне оқу орындарының бірі, онда құрылыс саласы мамандарын даярлау жүргізілуде. Қызмет еткен жылдары мұнда 15 000-нан астам білікті құрылысшы дайындықтан өтіп, еңбек өміріне жолдама алды. Колледж түлектері қала мен облыстың жүздеген тұрғын үйлерін, өндірістік нысандарын салды.
Колледж кешеніне спортзал, асхана, акт залы, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет, 3 зертхана және 9 оқу-өндірістік шеберхана, интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинеттер кіреді; интерактивті тақтасы бар 11 кабинет; ЛСД-панельмен және мультимедиялық подиуммен жабдықталған 5 кабинет.
Колледж студенттері бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады, басқа қалалардан келгендерге жатақхана беріледі, жол жүру ақысы төленеді. Бір диплом - бірнеше біліктілік. Жұмысқа орналасуға кепілдік берілген.
Түсуге қажетті құжаттар:
- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
- Көлемі 3х4 - 4 дана фотосуреттер;
- № 075-У нысанды медициналық анықтама;
- Жеке басын куәландыратын құжат.
Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Орал политехникалық колледжі