Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесі. Оқу үрдісі университеттің академиялық саясатына сәйкес, кредиттік технология негізінде білім алушылардың оқу процесінде өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіндіктерін дамыта жүргізеді.
Шерхан Мұртаза атындағы ХTУ-де 315-ге жуық профессор- оқытушы жұмыс істейді,олардың 52% - профессор, ғылым кандидаттары және PhD докторлары. Біздің университетте сіз мемлекеттік басқару және басқа да барлық салаларда, мекемелерде табысты жұмыс істеуге қажетті терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды алу мүмкіндігіңіз бар.
Университетте оқу студенттердің жан-жақты мәдени және спорттық өмірімен ұштаса, дарынды жастарды қолдай отырып, студенттерге олардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Бүгінгі таңда Шерхан Мұртаза атындағы ХTУ-де ғылыми-зерттеу нәтижелері аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ірі ғылыми орталық болып табылады.
Шерхан Мұртаза атындағы ХTУ-де кәсіпорынның 284 практикалық базасы және 38 бөлімше филиалы бар. Университет құрамында Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы, Ветеринария және мал шаруашылығы орталығы, «Аквакультура ғылыми-зерттеу орталығы», «Рухани жаңғыру және Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы , «Кәсіпкерлік орталығы»және «IT академиясы» жұмыс жасайды.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті