Марат Оспанов атындағы ЗКМУ бүгінгі таңда – белгілі ғалымдар негізін қалаған ғылыми мектеп дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан ірі білім беру, ғылыми және емдеу мекемесі.
Білім беру процесі жоғары оқу орнындағы (бакалавриат, интернатура) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді (резидентура, магистратура, PhD-докторантура), негізгі білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша мамандарды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтиды.
Бүгінгі таңда білім алушылардың 60% - дан астамы мемлекеттік білім гранттары негізінде білім алуда, сондай-ақ облыстық әкімдіктерден медицина кадрларын даярлауға қосымша гранттар бөлінеді. Шетелдік студенттерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде, қазіргі уақытта Үндістаннан 264 студент білім алуда. Марат Оспанов атындағы ЗКМУ Ақтөбе облысын және Батыс Қазақстан өңірінің барлық аймағын медицина кадрларымен қамтамасыз етеді.
Университетте 5 оқу-зертханалық корпусы, 2100 орындық 5 студенттік жатақхана бар. Сондай-ақ, білім алушылардың қарамағында үш меншікті аккредиттелген клиника бар: Университеттің медициналық орталығы, Отбасылық медицина клиникасы және Стоматологиялық клиника.
Батыс Қазақстан жоғары оқу орындары студенттері арасынан резервтегі офицерлерді даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары аралық әскери кафедрасы жұмыс істейді. Әскери-медицина факультетінде болашақ әскери дәрігерлер білім алады.
Жоғары оқу орны Еуропадағы медициналық білім қауымдастығымен (AMEE), Еуропадағы медициналық мектептер қауымдастығымен (AMSE) ынтымақтастық орнатқан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Directory of Medical Schools, WHO) медициналық мектептер директориясына, ЮНЕСКО-ның халықаралық университеттер анықтамалығына (International Handbook of Universities, UNESCO) енгізілген.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне түсу үшін келесі құжаттар қажет:
- өтініш (бланкін қабылдау комиссиясы береді);
- білімі туралы дипломның немесе куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
- 3х4 өлшемді 6 фотосурет;
- медициналық анықтама, флюорографиялық сурет (түпнұсқалары мен көшірмелері міндетті түрде);
- жеке басын куәландыратын құжат;
- бірыңғай ұлттық тестілеу (БҰТ) сертификаты;
- арнайы емтиханнан (психометриялық тест) өткенін растайтын сертификат;
- грант иеленгені туралы куәлік;
- студент ақылы негізде оқыса, оқу ақысын төлегені туралы түбіртек көшірмесін ұсыну қажет.
Егер студент Қазақстан азаматы болмаса, оның барлық жинаған құжаттары орыс немесе қазақ тіліне аударылып, нотариуста куәландырылуы тиіс.
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар таңдаған кафедрада оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын анықтама әкелуі керек.
Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.
М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университет

|
Даярлау бағыттары
|
Код
|
Бір жылға бағасы
|
Оқу мерзімі
|
|
|---|---|---|---|---|
| Денсаулық сақтау (6В101) | ||||
| Медициналық-профилактикалық іс |
--
|
|
5 жыл
|
|
| Медицина |
--
|
|
6 жыл
|
|
| Педиатрия |
--
|
|
6 жыл
|
|
| Мейіргерліс іс |
--
|
|
4 жыл
|
|
| Стоматология |
--
|
|
6 жыл
|
|
| Фармация |