Бұл мамандық халықтың, кәсіпорындардың және аумақтардың азаматтық қорғанысын қамтамасыз ету үшін табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою бойынша мамандарды дайындайды.
Қызмет саласы: мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.
Атқаратын лауазымдары: қалалық, аудандық аумақтық органның (ТЖ басқармасының (бөлімінің), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің) инженері