ҚР Үкіметінің 2019 жылғы наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылған болатын. Қазіргі таңда жыл сайын ҚР Туризм және спорт министрлігінен арнайы 800 грант бөлінеді.
Университет ең үздік оқытушы құраммен толыққан. Себебі мұнда Қазақстандағы туризм саласы бойынша PhD докторлардың тең жартысы сабақ береді.
Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия және т.б. жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағлымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады.
Университет ерекшелігі – дуальды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа отырған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Мысалы, IUTH серіктестерінің бірі – RixosWaterWorldAktau. Мұнда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады. Университет осы секілді бес жұлдызды қонақүйлер мен туристік нысандармен ынтымақтастық орнатқан.
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грантына үміткер болу үшін университеттің қабылдау бөліміне барып құжат тапсыру қажет. Ал алыс өңірлерде тұратын талапкерлер өтінішті университеттің iuth.edu.kz ресми сайтына кіріп, онлайн қалдыра алады.
Қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
- Ректор атына өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
- ҰБТ сертификаты;
- Дело-скоросшиватель, А5-фораттағы конверт.
Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті

|
Даярлау бағыттары
|
Код
|
Бір жылға бағасы
|
Оқу мерзімі
|
|
|---|---|---|---|---|
| Қызмет көрсету саласы (6В111) | ||||
| Tourism Guide Service |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Мейрамхана және мейманхана бизнесі |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Ивент-менеджмент |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Халықаралық және ішкі туризм |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Туристік дестинациялар менеджменті |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Спорттық-сауықтыру фитнесі |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
| Спорттық туризм |
--
|
450000 тг
|
4 жыл
|
|
ЖОО контактiлері: