Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

162 мың талапкер Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсырды


10 шілде 2023 ж.

 

162 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде түлектердің 76,16%-ға жуығы қазақ тілінде, 24,74% - ы орыс тілінде, 0,1% - ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Осылайша, 162 мың талапкер ҰБТ-ны 291 мың рет тапсырды.

 

«Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артқан (2022 жылы – 67%). ҰБТ орташа балы өткен жылғы көрсеткіштен 7 балға артып, 73 балды құрады (2022 жылы – 66 балл). Бес адам ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 137 балл жинады. 2868 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз