25 шілдеде тамыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады
24 шілде 2026 ж.
25 шілдеде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.
Тамыз ҰБТ-сы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тестілеуді қайта тапсыруға ниетті талапкерлерге арналған. Алдыңғы ҰБТ-ларда шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өту мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар алдыңғы ҰБТ-ларға қатысқан талапкерлер тамыз ҰБТ-сына өтініш беру кезінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.