Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
10 сәуiр 2026 жыл
2026 жылғы талапкерлер!
Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі.
❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.
ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде.
Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңыз бойынша) грант конкурсына қатыса аласыз немесе ақылы оқуға түсе аласыз.
Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері;
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Ағымдағы (2026) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.