vipusknik.kz

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады


3 сәуiр 2024 ж.

 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул мэрі О Се Хунмен кездесті. Тараптар қазақстандық студенттерге шәкіртақы беру туралы Меморандумға қол қойды.

 

2024 ж. бастап Сеул қаласының әкімдігі Қазақстан азаматтарына жасанды интеллект, робототехника, биология, финтех/блокчейн сияқты техникалық және инженерлік мамандықтарға магистратурада оқу үшін 5 білім грантын бөледі. Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның төрт жетекші университетінде (Sungkyunkwan University, Kyung Hee University, Hanyang University, University of Seoul) білім ала алады.