Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

25 қаңтарда Ресейдің ең атақты университеті М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрылғанына 270 жыл толды.


28 қаңтар 2025 жыл

25 қаңтарда Ресейдің ең атақты университеті М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрылғанына 270 жыл толды. Бұл мерейтой - ресейлік студенттер қауымы мен барлық ғылыми қоғамдастығы үшін  ең ірі де мерейлі мереке.

 

«Воробьевы горы» деген атақты мекенінде орналасқан шпильмен безендірілген Бас кампус – Ресейдің ең танымал символдарының бірі. Бұл – биікке ұмтылуды, алға дамуды білдіретін, сол арқылы ММУ келбетін танытатын айрықша белгі.

 

Бүгінгі Университет - ондаған факультеті мен ғылыми-зерттеу институты бар, 11 мың оқытушысы мен 40 мың студенті бар білім мен ғылым Әлемі.

 

Университеттің Ресейде және шетелде оннан астам филиалы ашылып жұмыс жасап келеді. 2001 жылы Астана қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы ашылды. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университеті - Қазақстан Республикасының  білім беру тапсырысын жүзеге асыратын Мәскеу университетінің құрылымдық бөлімшесі. 

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович: «ММУ Қазақстан филиалы – «Қазақстандағы шағын Мәскеу университеті». Жоғары сапалы білім, студенттердің ғылыми шығармашылығы, елміздегі халықтар достығы – біздің өміріміздің негізі мен қағидасы».

 

 

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз