Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау жалғасуда


8 қаңтар 2024 ж.

 

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 11 қаңтарға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 130 мыңға жуық өтініш қабылданды. Тестілеу 16 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

 

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін  қатысады. 

 

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз