Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

HERIOT-WATT УНИВЕРСИТЕТІНЕ оқуға түсуге құжаттар қабылдау басталды


13 шiлде 2023 ж.

 

Бүгін Жұбанов университетінде оқу орнының базасында ашылатын Heriot-Watt университетіне де оқуға түсетін талапкерлерді қабылдау науқаны басталды.

 

Ағылшын тілін білетін, ҰБТ-дан шекті 50 балл жинаған және Математика-Физика, Математика-Информатика бейіндік пәндерін таңдаған талапкерлер Шотландиялық жетекші жоғары оқу орнына грантқа құжаттарын тапсыра алады. Оқуға түсуге арналған жалпы құжаттардан басқа, талапкердің IELTS немесе ағылшын тілі емтиханынан өткені туралы сертификаты болуы керек. IELTS сертификаты жоқ талапкерлер үшін университетте 13-15 шілде аралығында ағылшын тілінен арнайы тегін емтихан өткізіледі.

 

Жұбанов университетінде құжат қабылдау үшін талапкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда. Арнайы қабылдау комиссиясында 40-тан астам техникалық хатшылар қызмет көрсетуде. Сонымен қатар талапкерлерге өз-өзіне қызмет көрсету алаңы да ұйымдастырылды.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз