Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың екінші легі басталды


3 сәуір 2023 ж.

Бүгін Қазақстанда «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталды. Үміткерлердің құжаттары 2023 жылғы 28 сәуірге дейін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады. 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз