ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмалары
12 ақпан 2024 ж.
2024 жылғы ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140.
«Қазақстан тарихы», «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндерінің тапсырмаларында төрт нұсқаның ішінде бір дұрыс жауабы бар.
Ал екі бейіндік пән төрт нұсқаның ішінен бір дұрыс жауапты 25 тапсырмадан, контекст негізінде жасалған төрт нұсқаның ішінен бір дұрыс жауапты 5 тапсырмадан, сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырмадан және алты нұсқаның ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан көп емес) 5 тест тапсырмасынан құралған.