Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

Алматыда «Білім және Мансап 2026» ірі көрмесі басталды


18 қараша 2026 ж.

 

Іс-шара 18–20 қараша аралығында «Атакент» көрме орталығында өтеді. Оған 20 елден 150-ден астам жоғары оқу орны қатысуда, көрмеге кемінде 30 мың адам келеді деп күтілуде.

 

Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Корея және басқа да елдердің оқу орындары болашақ талапкерлерге өздерінің білім беру және стипендиялық бағдарламаларын, оқуға түсу және білім алу шарттарын таныстырады.

 

Ұлттық тестілеу орталығы дәстүрлі түрде мектеп, лицей және колледж түлектеріне арналған тегін сынама ҰБТ өткізеді.

 

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында таныстырылымдар, семинарлар, шеберлік сыныптары мен тестілеулер ұйымдастырылып, отандық және шетелдік ЖОО-ларда білім алуға арналған сертификаттар ойнатылады.

 

«Білім және Мансап» көрмесінің жыл сайынғы ақпараттық серіктесі әрі қатысушысы – Vipusknik.kz білім беру порталы – жоғары оқу орындары мен колледж өкілдеріне ынталы талапкерлерді тартуды, ал көрме қонақтарына өз кәсіби бағытын тауып, тың идеялардан шабыт алып, мамандық жолында сенімді қадам жасауды тілейді!

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз