Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж - ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштерде кіші командирлер мен мамандар даярлайтын әскери оқу орны.

 

Оқыту техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша негізгі орта білім базасында оқу мерзімі 2 жыл 10 ай жүргізіледі.

Колледж кiшi мамандар мен кiшi командирлердi мынадай мамандықтар мен бiлiктiлiктер бойынша дайындайды:

  • «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар» (біліктілігі - байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі)
  • «Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету» (біліктілігі - СжБТ пайдалану және жөндеу жөніндегі техник)
  • «Әскери істегі кіші буын менеджменті» (РХБЗ әскерлерінің бөлімшелерін басқару, инженерлік бөлімшелерді басқару)


Оқыту құрылымы:

  • 1-2 курс - жалпы білім беретін және жалпы кәсіптік пәндер бойынша теориялық оқыту (жалпы орта білім беру пәндері)
  • 3-курс - біліктілік бейіні бойынша тереңдетілген теориялық және практикалық оқыту; әскери ант қабылдағаннан кейін әскери-арнайы пәндерді
  • практикалық дайындық: 2-3 курстарда «В» және «ВС1» санатындағы автомобильдерді жүргізу бойынша сабақтар өткізіледі, аяқталғаннан кейін тиісті сертификаттар беріледі.


Қабылдау кәсіби-психологиялық іріктеуден, медициналық комиссиядан және дене дайындығын тексеруден өткен 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында жүргізіледі.

 

Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілерге кіші сержант әскери атағы беріледі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

К сожалению, Военный колледж им. генерала С.К. Нурмагамбетова еще не предоставил информацию в данный раздел
Астана , Қорғалжын тас жолы, 16/1
Қорғалжын тас жолы, 16/1

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

  • Оқуға түсушінің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректерін көрсете отырып, еркін нысандағы қабылдау туралы өтініш немесе баянат
  • Жеке куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа); оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады
  • Негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі)
  • Азаматты медициналық куәландыру картасы (№ 075-У нысан)


Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз