Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны, музыкалық білім беру саласында мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етеді. Композиторларды, музыкатанушыларды, хор және халық аспаптар оркестрлерінің дирижерлерін, пианиношыларды, вокалисттерді, өнер менеджерлерін, симфониялық оркестрдің барлық аспаптары мен халық аспаптарында орындаушыларды даярлайды.

 

Консерватория ұжымы жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие жоғары деңгейдегі кадрларды даярлаудың бірегей тәжірибесін жинақтады. Жоғары оқу орны елімізді таяу және алыс шетелдерде лайықты дәрежеде көрсететін көптеген көрнекті орындаушылар мен өнер қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды.

Жатақхана бар
Әскери кафедра жоқ
6В021
Бір жылға бағасы
730000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
911883 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
830000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл

Шығармашылық емтихандарға қатысуға арналған
құжаттар тізімі:

1) қабылдау комиссиясы төрағасының атына қабылдау туралы өтініш;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа), қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестат («Арт-менеджмент») (түпнұсқа);

3) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

4) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

5) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), № 063-нысан және көшірмесі (егу паспорты), «Вокалдық өнер» мамандығына түсушілерге фониатрдан анықтама

6) ҰБТ сертификаты;

7) тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ұлдар үшін міндетті);

8) білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);

9) жеңілдіктерді растайтын құжаттар: соңғы үш жылдағы лауреат дипломы – 2023, 2024, 2025 (түпнұсқа және көшірме), жетімдерге ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік және т. б., талапкердің мүгедектігі туралы анықтама;

10) қағаз папка, 6 файл, конверт А5 (фотосуреттер үшін).

 

Құжаттарды қабылдау екі міндетті тәсілмен жүзеге асырылады:

1. Платонус ААЖ арқылы құжаттарды электрондық форматта беру https://platonus.conservatoire.kz/ / Құжаттарды сканерлеген кезде барлық әріптер, қолтаңбалар және мөрлер анық көрінуі тиіс;

2. Құжаттарды консерваторияның Қабылдау комиссиясына (Алматы қ., Абылай хан даңғылы 86) қағаз түрінде тапсыру.

 

Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.                                                                                                                                                             

kartinka-3jpg.jpeg Казахская национальная консерватория им. Курмангазы
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз