М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы – әлемнің үздік университеттерінің бірі болып саналатын ММУ бөлімшесі.
Филиалда төменгі курстардағы студенттерге ММУ факультеттерінің оқытушылары Астанаға тұрақты түрде келіп сабақ береді.
Ең алдымен, студенттер базалық пәндер бойынша іргелі білім алады. Жоғары курстарда олар ғылыми шығармашылыққа қосылып, өздері таңдап алған бағыты бойынша зерттеушілік және тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Студенттердің осындай ғылыми танымдық ізденім жұмыстарын ұйымдастыруды ММУ -дегі 300-ден астам кафедралардың қызметіне сүйене отырып кең ауқымда жасау мүмкіндігі зор. ММУ өзінің ғарыштық спутниктер флотилиясы және өнімділігі жоғары компьютерлердің кешеніне ие (ол жылдамдығы бойынша әлемдегі үздік ТОП-50 қатарында саналады).
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында оқып білім алудың артықшылықтары:
- білім берудің кезекті деңгейін бітірген соң ММУ-дің қырықтан астам факультетінде магистратура, аспирантура және докторантурада оқуын жалғастыру мүмкіндігі болады;
- жыл сайын 250 талапкер бакалавриатқа және 140 талапкер магистратураға қабылданып, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырысы бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен тегін оқумен, Мәскеудегі Воробьевы Горы мекенжайында орналасқан Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында тұра алуымен, Астана – Мәскеу – Астана бағытындағы тегін рейстермен ұша алуымен, стипендия төленуімен қамтамасыз етіледі;
- Мәскеуде оқу барысы Воробьев горы мекенжайындағы ММУ кампусы аумағында өтіледі, мұнда оқу корпустары мен жатақханалардан басқа барлық қажетті нысандар бар. Университеттік кешен Мәскеу метрополитенінің «Университет» және «Ломоносов даңғылы» деп аталатын екі станциясына жақын орналасқан;
- М.В. Ломоносов атындағы ММУ дипломы барлық факультеттер мен филиалдар үшін бірыңғай үлгіде.
Бакалавриатқа түсушілер үшін құжаттар тізімі:
1, Жеке куәлік немесе паспорт
2, Жеке куәліктің немесе паспорттың нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы
3, Қосымшалары бар орта білім туралы аттестат
4, Орта білім туралы қосымшалары бар аттестаттың нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы
5, Ресми фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, бас киімсіз және бөтен заттарсыз). 3x4 см өлшемді күңгірт фотосуреттер - 6 дана.
Ескерту. Қабылдау комиссиясы қабылдау туралы шешім қабылдағаннан кейін сондай-ақ № 063 нысанды флюорографиялық түсірілімі бар № 075-У нысанды медициналық анықтаманы (егу паспортының көшірмесі) ұсыну қажет.
Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы

|
Даярлау бағыттары
|
Код
|
Бір жылға бағасы
|
Оқу мерзімі
|
|
|---|---|---|---|---|
| Математика және механика (01.03.00) | ||||
| Математика |
--
|
|
4 жыл
|
|
| Қолданбалы математика және информатика |
--
|
|
4 жыл
|
|
| Жер туралы ғылымдар (05.03.00) | ||||
| Экология және табиғатты пайдалану |
--
|
|
4 жыл
|
|
| Экономика және басқару (38.03.00) | ||||
| Экономика |
--
|
|
4 жыл
|
|
| Тіл білімі және әдебиеттану (45.03.00) | ||||
| Орыс тілі және әдебиеті |