Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғимараттар мен құрылыстардың интерьерін және экстерьерін, қалалық орта фрагменттерін талаптарға сай жобалауға және заманауи технологияларын қолдануға үйретіп, сәулеттік дизайн саласында кадрлар даярлау.
Жетекші позициялар:
- дизайн саласындағы кәсіби қызмет үйлесімді заттық-кеңістіктік ортаны, сондай-ақ әртүрлі көркемдік объектілердің берілген күйлерін жасауға мүмкіндік беретін көркем дизайнның заманауи құралдарын, әдістері мен формаларын игеруді білдіреді:
- сәулеттік дизайн объектілерін әзірлеу бойынша жобалық құжаттаманы ресімдеу;
- заттық және көлемдік-кеңістіктік сәулет ортасының дизайн элементтерін жасау.