Білім беру бағдарламасының мақсаты - кәсіби өсуге және ұтқырлыққа қабілетті, негізгі және кәсіби құзыреттерге ие, сондай-ақ астрономия және қашықтықтан оқыту саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру.
Дуалды оқыту элементтері бар білім беру бағдарламасы, академиялық алмасу бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру мүмкіндігі (Minor).
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі:
Физика, астрономия, геодезия және ГАЖ технологиялары саласында іргелі білімі бар, өмір бойы өзін-өзі оқытуға қабілетті
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және орнықты даму идеяларын қалыптастыруға бағдарланған
Қойылған мақсаттарды тиімді орындау үшін сындарлы өзара іс-қимыл жасауға, шешім қабылдауға қабілетті
Технологияларды барынша тиімді пайдалану кезінде өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін сандық құзыреттілікті көрсетеді
Креативтілік, шығармашылыққа және инновацияға қабілеттілік танытады
Төзімділік, тарихи және мәдени мұраны құрметтей отырып, әртүрлі тілдік ортада қарым-қатынас жасайды
Елдің әрбір азаматының өзін-өзі танытуына жағдай жасауға қатысады.
Кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, конструкторлық және жобалық бюролар мен фирмалар; өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктер.