Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Бітірушілер барлық өндірістік салаларында ақпарат өңдеу құралдарын және әдістерін қолданумен байланысты техникалық жүйелерді ақпараттандыру басқару, автоматтандыру жұмысына дайын
Кәсіби қызмет объектісі:
Жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйелері, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы бұйымдарды, тораптарды, құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйелері
Кәсіби қызмет түрлері:
Сервистік-пайдалану қызметі, өндірістік-технологиялық қызмет, ұйымдастыру-басқару қызметі, жобалау-конструкторлық қызмет
Кәсіби қызметінің функциялары:
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру және пайдалану; технологиялық процестерді талдау, болжау және басқару әдістерін әзірлеу