Бағдарлама микро және макро деңгейлердегі экономикалық проблемаларды терең зерттеуге, сондай - ақ бизнес пен мемлекеттік секторда талдамалық дағдыларды практикалық қолдануға баса назар аудара отырып, экономика саласындағы жаңа форматтағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама әртүрлі қызмет салаларында экономикалық білімді қолдану үшін қажетті пәндерді, сондай-ақ деректерді өңдеудің, эконометрикалық бағалаудың және талдаудың сандық әдістерін меңгеруді қамтиды. Queen ' s University Belfast-пен қос диплом бағдарламасына қатысу мүмкіндігі.
Оқыту тілі - ағылшын.
«BBA in Business Economics» түлегі кәсіби білім ала алады, атап айтқанда:
- талдау және болжау үшін экономикалық статистика мен эконометриканы қолданады;
- корпоративтік және макроэкономикалық деңгейлерде стратегияларды әзірлеуге және шешімдер қабылдауға қатысады;
- бизнес пен мүдделі тараптар үшін есептер жасайды және деректерді ұсынады;
- пәнаралық талдау, сыни ойлау және тұрақты жоспарлау дағдыларын меңгерген;
- командада тиімді жұмыс істейді, жобаларды басқарады және әлеуметтік-экономикалық салада зерттеулер әзірлейді.
Экономист мамандығының тартымдылығы экономиканың кез келген саласында жұмыс табуға мүмкіндік береді:
- өнеркәсіпте;
- құрылыста;
- ауыл шаруашылықта;
- көлік саласында;
- банк саласында;
- мемлекеттік басқару органдарында;
- білім беру және ғылыми-зерттеу саласында.