Бағдарлама тез талдауға қабілетті, жақсы жадыға ие, мақсаты айқын, математиканы жақсы көретін талапкерлерге арналған. Біз студенттерді қаржы саласында әлемдік стандарттарға сай тиімді жұмыс жасауға дайындаймыз.
Күрделі қаржылық кезең модельдеудің жетілген әдістерімен қатар қаржылық деректерді терең ұғынуды талап етеді. Narxoz университетінің Экономика және Менеджмент Жоғары Мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасы осы мәселелерді шешуге бағытталған. Біздің түлектер қаржылық талдау, инвестициялар саласында кең білім мен дағдыларға ие, тәуекелдерді басқару және қаржылық жоспарлау теориясын қолдана алады.
Оқу тілі: ағылшынша.
Курстың соңында сіз:
- басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық ақпаратты түсіндіру мақсатында қаржылық есептілікті талдау
- бизнесті бағалауды жүргізу, бизнес-процестерді оңтайландыру жолдарын әзірлеу және даму болжамдарын модельдеу
- жеке және корпоративтік инвестицияларды басқару, мақсатқа бағытталған портфельдерді қалыптастыру
- инвестициялық шешімдерді әзірлеу, тәуекелдерді есептеу және оларды азайту әдістерін модельдеу.
Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:
- мемлекеттік қаржы мекемелерінде
- халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
- банктерде
- сақтандыру компанияларында
- шағын және орта бизнесте
- инвестициялық қорларда және басқадай қаржылық институттарда
- Қаржы БББ студенттері Bloomberg зертханасының базасында оқу практикасын өтеді