Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"BBA in Management"

Қазіргі кезеңде «Менеджмент» ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер деген көзқарастар кең тараған. Ақпараттандыру және цифрландыру дәуірінде компанияны немесе ұйымды басқарудағы менеджердің ролі өте өзекті аспектілердің бірі. Мақсаттарды дұрыс қою, жұмысты ұйымдастыру және міндеттерге басымдық беру – адамнан тек орындау техникасы туралы білімді ғана емес, сонымен қатар бағыныштыларды жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыру мүмкіндігін, өзін-өзі басқару қабілетін талап ететін процесс. «Менеджмент» мамандығы салааралық әмбебап сипатқа ие. Осы мамандықты бітірген маман мемлекеттік қызметтен бастап кәсіпкерлік пен жеке бизнеске дейінгі кез келген қызмет саласын таңдауға мүмкіндігі бар. Бағдарлама күрделі басқарушылық міндеттерді шешуге, үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайында шешімдер қабылдауға, көшбасшылық қасиеттер мен ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Біздің түлектеріміз еңбек нарығында сұранысқа ие және оларда жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасу ықтималдылығы жоғары болады.


«Менеджмент» білім беру бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді, аналитикалық ақыл-ой мен коммуникабельділікті біріктіретін адамдарға арналған. Біздің түлектер жеткізу және логистика мәселелерін шеше алады, кәсіпорындағы өндірістік процестерді реттей алады, клиенттермен және жеткізушілермен сөйлесе алады, іс қағаздарын жүргізумен және жобалық менеджментпен айналыса алады. Нархоз Университетінің оқытушылары көшбасшылық дағдыларды дамытуға, іскерлік қабілетке және жаһандық перспективаларды көруге үлкен көңіл бөледі. Сіз жеңіске жету стратегиялары мен күшті командаларды құруға, бәсекелестік қауіптерді алдын-ала білуге және оларға жауап беруге және компанияның өсуіне ықпал етуге дайын боласыз.


Кәсіпорын (компания) қызметінің тиімділігі, адал бәсекелестік және тауарлар мен қызметтер нарығында лайықты орын алу қабілеті көбінесе табысқа жетуге ұмтылатын адамдарға байланысты болады. «Менеджмент» ұғымы ертеден белгілі болса да, бұл мамандық сұранысқа ие мамандықтар рейтингінің жетекші бағыттарының бірі болып табылады. «Менеджер» болу оңай, ал «Табысты, жетістікке жетуге бағытталған менеджер» болу үшін Нархоз Университетінің өз түлектеріне беретін білімі мен дағдылары қажет.

 

Оқу тілі: қазақша, орысша, ағылшынша.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз