«Маркетинг» білім беру бағдарламасы кәсіпорынның маркетингтік тұжырымдамасын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Қарқынды өзгермелі сыртқы ортада және нарық конъюнктурасында маркетингтік міндеттерді құру аясында шешім қабылдауда стандартты емес, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Біздің бағдарлама студенттерді ұйым мен оның клиенттік базасы арасындағы байланыс құралы бола білуге үйретеді, сол арқылы олар компанияның табысының артуына ықпал етеді. Сіз нақты міндеттер мен бизнес мәселелерді шешуде өз күшіңізді сынап, еліміздегі ірі ұйымдарда тәжірибеден өтуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, әріптес университетте оқып, тәжірибелі маркетологтармен танысуға мүмкіндік аласыз.
Digital marketing бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарады, қазіргі экономикалық қоғамдастықта талдау жасау, пайдаланушы аудиториясын бақылау және компанияның шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін медиа арналардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Осы білім беру бағдарламасының түлектері контент маркетинг, сауда алаңдарында Жарнама орналастыру, SMM, email-маркетинг құралдарын меңгереді.
Университетті бітіргеннен кейін осы бағыттағы мамандар экономиканың барлық сфералары мен салаларында сұранысқа ие болады.
Оқу тілі: қазақша, орысша, ағылшынша.
Оқуды аяқтағаннан кейін Сіз келесідей бағыттарда мансап құра аласыз:
- барлық меншік нысанындағы жергілікті және шетелдік компаниялардың маркетингі департаментінде
- жобалық қызметтерде
- жеке бизнесті дамытуда
- маркетингтік, жарнамалық, Digital, PR агенттіктерде
- консалтингтік компанияларда