БББ мақсаты: оқуды басқаруда психологиялық-педагогикалық процестерді талдай және жүзеге асыра алатын сандық технологиялар негіздерімен кітапханалық-педагогикалық және ақпараттық қызмет саласында кадрлар даярлау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
- ақпараттық және цифрлық сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау дағдыларына ие болу, кітапхана сайттарын құру, электрондық кітапханалардың ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану;
- ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу және оқуға тарту саласында ұлттық бағдарламаларды іске асыру, жеке тұлғаның мәдени сәйкестілігін және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыру, әлемдік әдебиет білімін пайдалану білігі;
- ақпараттық және құжаттық ресурстарды, ақпараттық-іздестіру жүйелері мен деректер базасын қалыптастыру, өңдеу, жіктеу;
- кітапханатану және библиографтану теориясы мен әдіснамасы негізінде кітапханалық-ақпараттық қызметті орындау, кітапханалық-библиографиялық зерттеулер бағдарламаларын әзірлеу, кәсіби кітапханалық-ақпараттық стандарттардың талаптарын сақтау;
- білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне сәйкес оқуға және тәрбиелеуге тарту үшін ғылыми-танымдық, көркем, анықтамалық әдебиеттердің кітапхана қорын қалыптастыру және пайдалану;
- кітапханалық-ақпараттық ресурстарды есепке алумен және олардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты технологиялық процестерді басқару;
- ақпараттық–кітапханалық ресурстарды пайдалана отырып, білім беру ұйымының мүмкіндіктерін, тұрғылықты жерін және өңірдің тарихи-мәдени ерекшелігін ескере отырып, кітапхана құралдарымен тәрбие-білім беру жұмысын, мәдени-демалыс және ақпараттық қызметтің әртүрлі түрлерін кәсіби ұйымдастыруға дайын;
- маркетингтік зерттеулерді, оларды талдауды жүзеге асыру, кітапхана ресурстары мен кітапхана кеңістігін пайдалану тиімділігін арттыратын жобаларды жасауға қатысу.
Пәндер туралы мәліметтер: Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу, Библиографиялық эвристика, Библиографиятану, Кітапхана педагогикасы, Кітапханалық библиографиялық өлкетану, Балалар және мектеп кітапханаларының кітапханалық-ақпараттық қызметі, Мәдениет және өнер салаларының кітапханалық-ақпараттық ресурстары, Кітапханалық каталогтар, Кітапхана қоры, Әлемдік кітапханалар тарихы, Кітаптану және басқалар.