Кітапханашы – тікелей және ауыспалы мағынада кітап сақтаушы. Кітаптарды жіктеудің, библиографиялық анықтамалықтар мен каталогтарды құрастырудың қыр-сырын біледі. Қазіргі заманғы кітапханашы заманауи ақпараттық технологияларды жақсы біледі: компьютермен, кеңсе техникасының барлық түрлерімен, бейнетехникамен және басқа да жабдықтармен айналысады. Кітапхана қорымен жұмыс жасау – оның қызметінің бір ғана бағыты. Тағы бір бағыт – оқырмандармен жұмыс. Кітапханашы келушілерге кеңес берумен қатар, әдебиеттерді іздеуге және таңдауға көмектеседі.
Біліктілік:
"Кітапханашы"
Код:
03220101
"Кітапханашы"