Дантист - стоматология мамандығының бір біліктілігі. Дантист тіс пен қызыл иек ауруларын емдеумен айналысады.
Біліктілік сұранысқа ие және ойдағыдай білім алып, жұмысы сапалы орындалған жағдайда төлемақысы да жақсы болады. Мұндай мамандар адамдармен жұмыс істейтіндіктен, олардың мансаптық өсуі үшін ең бастысы шектеулі уақыт ішінде сапалы қызмет көрсетілген клиенттер саны.
Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы - 60-80 мың теңге аралығында, сондай-ақ клиенттердің санына да байланысты.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алып, одан әрі жұмыс істеу үшін студент химия, биология негіздерін білуі қажет.
Дантисттің бойында жауапкершілік, мұқияттылық, байсалдылық, шыдамдылық, зеректік, ақ пейілділік сияқты қасиеттер болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін оқуын университетте жалғастыру қажет. Сондай-ақ басқа да мамандар сияқты дантисттің де біліктілігін арттыруға назар аударғаны жөн, өз мамандығы бойынша баспасөз бен әдебиеттерді оқып, курстар мен семинарларға қатысқаны жөн. Маман ауыз қуысы ауруларын емдеудің қазіргі заманғы өзекті және ауыртпалықсыз әдістерін білуге және тиісті түрде қолдануға міндетті.
Жас маман аяқ пен арқа проблемасы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені жұмыс физикалық тұрғыда қиын емес, алайда пациенттің үстінде бірнеше сағат бойы еңкелектей тұру немесе отыру өте қиын. Сондай-ақ дәрігерлердің ұсынымдарын әрдайым толық орындамайтын адамдардың түрлі әлеуметтік санаттарымен жұмыс істеуге дайын болу керек.
Осы мамандықтың артықшылығы - аралас салаларды меңгеру, мамандандыру және дамыту мүмкіндігінің болуында, адамдарға көмектесуінде.