БББ мақсаты: Инновациялық оқыту технологиялары бойынша практикалық дағдылармен және өнер саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаумен, қала дизайны және интерьер дизайны бойынша бакалавр дәрежесін дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
- Дизайн объектілерін жобалау және салу тәсілдерін меңгеру.
- Интерьер дизайнерінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерін білу.
- Жобалаудың стилистикалық бағыттарын кезеңдеуді, тарихи-этномәдени даму процестерінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін білу.
- Дизайн объектілерін құру кезінде заманауи материалдарды қолдана отырып, қалыптастыру әдістері мен жобалау техникасын меңгеру.
- Заттардың көлемді-кеңістіктік формаларын бейнелеу үшін графикалық және кескіндемелік құралдар мен материалдарға иелік ету.
Пәндер туралы мәліметтер: Графикалық дизайн, Графикалық сурет, Кескіндеме, Интерьерлік ортаны қалыптастырудағы инновациялық тенденциялар, Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттың интерьеры, Каллиграфия, Қалалық орта жобалаудың құрылымы және технологиялары, Концептуалды жобалау, Қалалық кеңістікті ландшафты ұйымдастыру, Сәулет және дизайндағы материалдар мен композиция, Сәулеттік композициясының негіздері, Интерьердегі заманауи дизайн, Компьютерлік технологиялар негізіндегі орталық жобалау, Орта нысандарын көркем құрылымдау және басқалар.