БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін тәрбиелеу-білім беру процесін жобалау және ұйымдастыруға қабілетті құзыретті мамандарды дайындау.
БЕРІЛЕТІН ДӘРЕЖЕ: Білім бакалавры.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ:
- әртүрлі және типтік мектепке дейінгі ұйымдардың оқу процесін жобалау;
- оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму проблемалары туралы педагогикалық зерттеулер;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы оқу бағдарламаларын әзірлеу.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ НЫСАНЫ: әртүрлі және типтік мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, бөбекханалар, сәбилер үйі), педагогикалық колледждер, білім беруді басқару департаменттері, білім беру жүйесі кадрларын қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттары.