Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Экология және табиғатты пайдалану"

БББ мақсаты: Табиғатты пайдалану, табиғатты пайдалану экономикасы, тұрақты даму, қоршаған ортаға әсерді бағалау, табиғатты пайдалану және экологияның құқықтық негіздері негіздерін білетін экология және табиғатты пайдалану саласындағы базалық ақпаратты түсінуге, баяндауға және сыни талдауға қабілетті мамандарды дайындау. Қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстарды иеленетін кәсіби дағдыларды талдау, жалпы және қолданбалы экология сонымен қатар  талап етілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсәпкерлік қызметті дамыту.

 

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, теориялық және тәжірибелік зерттеу әдістерін көрсету. Экологияда физика-химиялық және биоиндикациялық зерттеу әдістерін қолдану. Қазақстанның қазіргі тарихын білу. Кәсіптік қызметте тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері білімін қолдануды меңгеру.
  • Экологиялық ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу түрлерін, қоршаған ортаны және ауыл шаруашылығын  қайта қалпына келтіру, химиялық, физикалық, радиациялық ластануларды жою, алдын алу әдістерін, Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту тұжырымдамасының басты бағыттарын терең зерттеу.
  • Табиғи ортаның сапасын талдау және анықтау, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін талқылау, аз қалдықты технологияларды жобалау және қалдықтарды кәдеге жарату, алынған деректерді табиғи ортаның жай-күйін бағалау және кездесетін өзгерістерді болжау үшін практикалық қызметте қолдану.
  • Су, жер ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы материалдар мен қалдықтар кадастрын өз бетінше зерттеу қабілеті. Экологиялық гидрологияға және қала экологиясына теріс әсерді азайту жолдарын таңдау және мақсат қою.
  • Экология және табиғатты пайдалану саласындағы кәсіби міндеттерді шешу, адамзаттың әлеуметтік-экологиялық мәселелерін білу, өнеркәсіпте ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану, өндіріс қалдықтарын тазалауға арналған оңтайлы әдістерді, технологиялар мен жабдықтарды таңдау.
  • Экологиялық мониторинг және оның жеке бөлімдерінің жіктелуі мен маңызын, бақылау әдістерін, экологиялық болжамның негізгі принциптерін, жергілікті, аймақтық, ғаламдық мәселелерін, экожүйелердің қызметі мен құрылымының бұзылуын жоюда рационалды шараларды білу.
  • Эко-жүйелердегі өзгерістерге математикалық  моделдерін құру, өнеркәсіп пен кәсіпорындарда жеке экологиялық мәселелерді практикалық тұрғыдан кәсіптік шешу, ҚОӘБ және экология-экономикалық зардапты есептеу.
  • Әр түрлі өндірістің технологиялық сызбанұсқаларын, ақаба суларды тазалау құралдарын қолданудың техникалық ережелерін зерттеу, қоршаған орта жағдайын бағалай білу дағдыларын игеру,  зертханалық тәжірибелер қоя білу, ҒЗЖ жоспарын құру және жүзеге асыру, ғылыми зерттеулерді жүргізе алу.
  • Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларды, экологиялық заңнама,  нормалау және сараптама негіздерін қолдану,  қоршаған ортаның ластану көздерін талдау және бағалау, өнеркәсіптік экологияда бақылау және өлшеу құралдарын тиімді қолдану.

 

Пәндер туралы мәліметтер: Геоэкология және табиғатты қорғау, Климаттың өзгеруі мен "Жасыл экономика", Биологиялық экология, Экологиядағы геоақпараттық жүйелер, Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндері, Биология және экологияны оқыту әдістемесі, Экологиядағы модельдеу, Жалпы химия, Табиғатты тиімді пайдалану және жасыл экономика негіздері, Өнеркәсіптік экологиядағы бақылау және өлшеу құралдары, Бигеохимия және экотоксикология.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз