Кәсіби қызмет - қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық ақпаратты жинау және талдау; электрондық-ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып экономикалық есептеулер жүргізу, бизнес-жоспарлау және болжау; талдамалық есептеулер жүргізу, қызметтің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың барлық шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру; кәсіпорынның бизнес-үрдістері мен АТ-инфрақұрылымын жетілдіру жобаларын әзірлеу; ұйымның өнімді, тауарларды өндірудің бизнес-үрдістерін орындауды автоматтандыру қажеттілігін талдау.
Лауазымдар тізімі: экономист, қаржы жұмысы жөніндегі экономист, бизнес-талдаушы, жоба менеджері, жүйелік талдаушы, бизнес-талдау жүргізу жөніндегі маман, жетекші, инновациялық даму жөніндегі менеджер, коммерцияландыру жөніндегі сарапшы-кеңесші, тәуекел-менеджері, бағдарламалар мен портфельдердің жетекшісі, экономика және информатика жөніндегі маман.
Берілетін дәреже: экономика бакалавры.