«Құрылыстағы экономика және менеджмент» білім беру бағдарламасы құрылыс саласындағы ұйымдарда сәтті қызмет атқаруға қажетті білім мен құзыреттерге ие, сандық экономиканың дамуы жағдайында кәсіпкерлік көзқарасты қамтамасыз ете алатын, заманауи сандық және сапалық талдау әдістерін меңгерген, бизнес-процестерді модельдей алатын, зерттеу және инновациялық жобаларды жоспарлап, ұйымдастыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Бағдарлама түлектері құрылыс саласындағы орта және жоғары буын басқарушысы ретінде кәсіби жұмысқа қажетті барлық білім мен практикалық дағдыларға ие болады.
Оқыту пәндері:
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасына мыналар кіреді:
- Құрылыстағы экономика
- Менеджмент негіздері
- Маркетинг негіздері
- Құрылыстағы ресурстарды нормалау және калькуляциялау
- Цифрлық технологияларды қолдана отырып смета құрастыру
- Жобалық менеджмент және стартап
- Уақытты басқару (тайм-менеджмент)
- Қаржылық және басқарушылық талдау және басқа да кәсіби пәндер
Бағдарламаның ерекшеліктері:
- Практикаға бағытталған
- Мультидисциплинарлық сипатқа ие
- Келесі негізгі құзыреттерді қалыптастырады:
- креативті командаларды жоспарлау және ұйымдастыру
- заманауи жобаларды әзірлеу
- құрылыс саласында экономиканы цифрландыру
- инновациялық идеяларды ілгерілету
Кәсіби қызмет объектілері:
Бағдарлама миссиясы – құрылыс саласына арналған экономика, жедел және стратегиялық менеджмент мамандарын даярлау саласында жоғары сұранысқа ие болу. Білім беру процесінің маңызды стратегиялық құрамдас бөлігі – құрылыс нарығындағы дәстүрлі және инновациялық экономика мен менеджмент құралдарын біріктіру және бейімдеу.
«Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығының түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:
-
Құрылыстағы кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар
-
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары
-
Зерттеу және консалтингтік ұйымдар
-
Ұлттық және халықаралық жобалау ұйымдары
Оқу нәтижелері (РО):
Құрылыс саласындағы экономикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру және басқару, бизнес-жобаларды әзірлеу және іске асыру, қаржыларды, ресурстарды және персоналды басқару, стратегиялық жоспарлаудың заманауи әдістерін, цифрлық технологиялар мен аналитикалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ құқықтық және экологиялық нормаларға сәйкес әрекет ету.