Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Экономика және басқару"

БББ мақсаты: Ұлттық экономиканы жаңғырту басымдықтары мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес стандартты және стандартты емес жағдайларда қаржышаруашылық қызмет және экономикалық процестерді басқару саласында көшбасшылық қасиеттері мен кәсіби құзыреттілігі бар білікті экономистбасқарушыларды даярлау.

 

Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін білім алушылар:

  • басқарушылық шешімдер қабылдау үшін экономикалық заңдарды, ұлттық экономиканың, секторлардың, салалардың, аймақтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеу модельдері мен алгоритмдерін түсіндіру;
  • сандық технологиялар мен құралдардың көмегімен қаржы - шаруашылық қызметінің деректерін талдау;
  • стандартты және стандартты емес жағдайларда өндірістік, маркетингтік, инновациялық және басқа да қызмет түрлерінде оңтайлы шешімдерді таңдау;
  • экономикалық-математикалық модельдерді, статистикалық талдау және болжау әдістерін қолдана отырып, қаржылық-экономикалық қызметті жоспарлау;
  • микро, мезо және макро деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметін ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыру;
  • интернационалдандыру және жаһандану жағдайында бәсекеге қабілеттілік, орнықты даму, экономикалық қауіпсіздік, адами даму стратегияларын іске асыруды қамтамасыз ету;
  • бизнес-модельдерді, бизнес-жоспарларды, ұйымдардың, салалардың, аймақтардың, инвестициялық және инновациялық жобалардың даму бағдарламаларын әзірлеу;
  • басқару шешімдерін негіздеу және ұйымдастыру өзгерістерін түзету мақсатында бизнес-үдерістерге, инвестициялық және инновациялық жобаларға, функционалдық бағдарламаларға сараптама жүргізу;
  • әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлері негізінде экономикалық және басқарушылық қызметтің тиімділігін бағалау.

 

Лауазымдарының тізімі:

  • экономика және статистика саласындағы, қаржы-экономикалық бөлімдер мен талдау бөлімшелеріндегі қызметкерлер;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкері;
  • әр түрлі меншік нысанындағы және түрлі саладағы қызмет жасайтын кәсіпорындардың, фирмалар мен ұйымдардың жоғары және орта буын маманы.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз