Бухгалтерлер және тектес қызметтердің кәсіби мамандары ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін бухгалтерлік есеп жүйелерін жоспарлайды, ұйымдастырады және жетекшілік етеді.
Осы топқа жатқызылған кейбір кәсіптер дәлдігін және белгіленген стандарттарға және бухгалтерлік есептілік рәсімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ұйымдардың және жеке тұлғалардың бухгалтерлік және қаржылық құжаттамасын зерттеумен және талдаумен байланысты.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− бюджеттік және бухгалтерлік бақылауды, сондай-ақ бухгалтерлік қызметтің басқа саясаттарына жүйелерін жоспарлау, енгізу және ол бойынша консультация беру;
− басшылыққа, акционерлерге және заңнамада көзделген өзге де органдарға ұсыну үшін қаржы есептерін дайындау және куәландыру;
− салық декларацияларын дайындау, салық салу мәселелері бойынша консультация беру және салық инспекторлары алдында даулы талаптарды қорғау;
− болжамды табысты және бюджетті жөніндегі есептілікті дайындау немесе ұсыну;
− болжалды алаяқтық, дәрменсіздік және банкроттық сияқты мәселелер бойынша қаржылық зерттеулер жүргізу;
− есептілікті және бухгалтерлік құжаттарды тексеру;
− өнімділіктің қаржылық аспектілері, құнды қағаздар портфельдері, өткізу проблемалары, жаңа тауарлар және тағы сол сияқтылар бойынша тергеп-тексерулер жүргізу және басшылыққа консультация беру;
− тауарлардың және қызметтердің өзіндік құнын анықтауға арналған жүйелерді әзірлеу және бақылау.