Банк операциялары жөніндегі менеджер - бұл банктің ресми өкілі болып табылатын және әлеуетті клиенттерге өзі жұмыс істейтін банктің қызметтерін сататын маман. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің математика, құқық саласында білімі болуы керек, ДК және заманауи оргтехникамен жұмыс істей білуі керек.
Банк операциялары жөніндегі менеджердің міндеті жаңа адамдарды іздеу және клиенттерді тарту, келісімшарттармен, құжаттармен байланысты мәселелерді шешу, банк пен әлеуетті клиенттің талаптарын талқылау болып табылады.
Бұл мамандықтың артықшылығы - банк операциялары жөніндегі менеджер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандық. Сондай-ақ басқа кәсіптермен салыстырғанда ұзақ уақытты қажет етпейтін мансаптық өсу мүмкіндігі.
Мамандықтың кемшілігі - материалдық жауапкершіліктің жоғары деңгейінде, мансапты құрудың бастапқы кезеңдерінде жалақының төмен болуында және жұмыстың бірқалыптылығында.
Жас маман бұл мамандықтың өте жауапты екенін түсінуі тиіс, өйткені ол ірі ақша ресурстарына тікелей қатысы бар сенімді тұлға және артқан сенімді жоғалтып алуға болмайды, сенім ақталуы тиіс.