Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Химиялық инженериядағы заттар мен материалдарды сараптау"

БББ мақсаты: Химиялық инженерия объектілерін сараптау саласындағы іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар талапты бакалаврларды даярлау.

 

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Химиялық өнімдер, құрылыс және тоқыма материалдар өндірісінің қазіргі жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне негізделген қолданыстағы және жаңа технологиялық үдерістерді жетілдірудің жолдарын талдау және таңдау.
  • Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу заңдылықтарына негізделген өндірістің ұтымды технологиялық сызбасын таңдау, өндірістің қауіпсіздігін арттыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша шараларды жасаумен технологиялық процестер мен жабдықтарды есептеу.
  • Өнімдердің сапасын және химиялық инженерия процестерін бақылау үшін өнімдер мен процестердің сапасы мен қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен әдістемелік құжаттаманы қолдану.
  • Сынақ және бақылау-өлшеу жабдықтарын қолдана отырып, эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, қорытындылар жасау, сынақ нәтижелері бойынша есеп беру құжаттамасын жасау.
  • Сот-сараптама қызметі саласындағы нақты жағдайларға қолданыстағы заңнаманы және өзге де құқықтық актілерді сауатты қолдану.

 

Пәндер туралы мәліметтер: Химиялық зертханаладағы қауіпсіздік жұмыстар, Биохимия, Сапалы және сандық талдау, Шикізат және өнімдердің сапасын бақылау, Криминалистика, Криминалистикалық техника негіздері, Металдар мен металл бұйымдарын сараптау, Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының сараптамасы, Өнеркәсіптік және ауызсуды сараптау, Тұрмыстық химия өнімдерін сараптау және басқалар.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз