Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

07161302
"Автомобиль электржабдықтарын жөндеу бойынша электрик"

Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик машинаның электрондық жүйесіндегі бұзылуларды жоюға жауап беретін автомобиль техникасын жөндеу жөніндегі маман.

 

Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик автокөлік құралын электрмен жабдықтау жүйелерінің диагностикасын жүргізеді, автомобиль көлігінің электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда саласында коммерциялық қызметпен де айналыса алады. Сондай-ақ оның қызметі автомобильдің электр жабдықтарының ақауларының алдын алуына бағытталған.

 

Жалпы автоэлектриктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • электр жабдықтарына сауатты диагностика жүргізу;
  • ақаулықтарды анықтау;
  • автомобильдің барлық электр тізбектерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • лауазымдық бейін аясында автомобиль бойынша тапсырыс берілген жұмыстардың толық тізбесін орындау;
  • жөндеуге берілген автомобильдің сақталуын қамтамасыз ету;
  • құралдар мен жабдықтардың жұмыс күйін қадағалау, оларды мақсаты бойынша пайдалану;
  • қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, электротехника саласында білімі болуы тиіс.

Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик клиенттердің қалауын тыңдай алуы, сендіре білуі, оңтайлы жұмыс жағдайларын ұсына білуі, жөндеу тісілдерін таңдау барысында асықпауы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз