Кәсіби қызмет саласы - электр энергиясын өндіру, беру, тарату, түрлендіру, қолдану, энергия ағындарын басқару, осы үрдістерді жүзеге асыратын элементтерді, құрылғылар мен жүйелерді әзірлеу және өндіру үшін адам қызметінің техникалық құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Лауазымдар тізімі: өндірістік учаскенің шебері, пайдалану жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, инженер-технолог, жабдықты сынау және режимдік баптау жөніндегі инженер, инженер-электрик, инженер-жылу техник, электротехникалық өлшеу жөніндегі инженер, релелік қорғау және автоматика жөніндегі инженер, ТП АБЖ жөніндегі инженер, БӨАжА инженері,инженер-метролог, инженер.
Берілетін дәреже: техника және технология бакалавры.