Оқу бағдарламасының мақсаттары: студенттерге электроника, бағдарламалау, цифрлық жүйелер, микроконтроллерлер және басқа да салалар негіздерін үйрету, осылайша олар электронды инженерия саласында сәтті жұмыс істей алады.
АЭжБУ-дың Рига Транспорт және байланыс институтымен бірлескен білім беру бағдарламасы (лат. Transporta un sakaru Instituts – TSI), жүз жылға жуық тарихы бар заманауи университет. TSI-аты аңызға айналған РКИИГА (Рига Қызыл Ту азаматтық авиация инженерлері институты) және РАУ (Рига авиация институты) мұрагері. Бүгінгі таңда TSI-Латвиядағы орыс, латыш және ағылшын тілдерінде жоғары білім алуға болатын университеттік типтегі жалғыз жеке техникалық университет.
Кәсіби қызмет міндеті:
- Электрондық схемалар мен құрылғыларды жобалау
- Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
- Тестілеу және жөндеу
- Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Өндірістік процестерді оңтайландыру
- Жаңа технологияларды зерттеу және дамыту
- Консультациялық және сараптамалық қызмет
Жұмысқа орналасу нұсқалары:
- АО «Astel», АО «Казахтелеком», АО «Транстелеком», ТОО «Элтекс», АО «Алтел», АО «КазТрансКом», ТОО «Huawei-АлматыТОО», «Отис» компании Beeline, K’cell;
- кез-келген кәсіпорында және кез-келген энергетикалық ұйымдарда - АО «Самрук-Энерго»; АО «АлЭС»; АО «KEGOC»;
- бақылау-өлшеу аспаптары, машина жасау өндірістерінде, отын-энергетикалық кешен компанияларында және т.б.