Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:
- Электромобильдердің дизайны және басқару жүйелері;
- Энергиямен жабдықтау және энергияны сақтау технологиялары (батареялар, зарядтау станциялары);
- Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар (басқару жүйелері, микроконтроллерлер, IoT).
Кәсіби қызмет саласы электромобильдер мен гибридті автомобильдерді әзірлеу, өндіру және техникалық қызмет көрсету, зарядтау станцияларының энергетикалық инфрақұрылымын басқару, сондай-ақ электромобиль саласының инновациялық технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқытушылық қызмет болып табылады..
Кәсіби қызмет пәндері:
- Электромобильдер және олардың компоненттері;
- Борттық энергиямен жабдықтау жүйелері және зарядтау станциялары;
- Техникалық қызмет көрсету және диагностика;
- Электромобиль саласындағы инновациялық технологиялар;
- Электромобильдерді дайындау бойынша өндірістік процестерді басқару және оңтайландыру.
Жұмысқа орналасу нұсқалары :
- Электромобильдер бойынша инженер-конструктор: өндірістік кәсіпорындарда және инжинирингтік компанияларда электромобильдерді, олардың жүйелері мен компоненттерін әзірлеу және жобалау;
- Электротехника және электроника бойынша маман: автомобиль өнеркәсібіндегі электрондық басқару жүйелерін, электр жетектерін, навигация және байланыс жүйелерін әзірлеу саласындағы жұмыс;
- Сынау және сертификаттау жөніндегі инженер: халықаралық және салалық стандарттарға сәйкес электромобильді компоненттер мен жүйелерді сынауға және сертификаттауға қатысу;
- Энергетикалық инфрақұрылым бойынша маман: электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын дамыту және басқарумен, сондай-ақ желілік Интеграция және энергетикалық технологиялармен айналысатын компанияларда жұмыс істеу;
- Ғылыми қызметкер және инноватор: электромобиль саласындағы жаңа материалдарды, батарея технологияларын, дөңгелектердің электр жетектерін басқару жүйелерін, мотор дөңгелектерін және басқа да инновацияларды әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу.