Фармацевт мамандығы дәрі дайындау, жинау және саралау дағдыларын білдіреді. Мамандық иесі дәрі құрамындағы компоненттерден, оларды тағайындау мен қолдану ерекшеліктерінен, басқа дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуінен хабардар болады.
Осы маманның міндеттеріне мыналар:
- дәріхананың: оның қызметкерлері мен техникалық бөлімнің (аспаптардың) қызметін қамтамасыз ету;
- дәріханада дәрілердің бар болуын қадағалау, рецепттерді қабылдау және олар бойынша дәрілерді жіберу;
- сатып алушыларға кеңес беру;
- рецепттер бойынша дәрілерді дайындау;
- қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету және т.б. кіруі мүмкін.
Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 80-100 мың теңгені құрайды.
Осы біліктілік бойынша оқуды ойдағыдай аяқтау үшін және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент химия, биология, физика негіздерін білуі қажет.
Фармацевт жауапкершілік, шыдамдылық, нақтылық, жақсы есте сақтау мен зейін қою, ақпаратпен жұмыс істеуге бейімділік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.
Ең білікті фармацевттер мамандандырылған ғылыми зертханаларда және жаңа препараттарды әзірлеумен және енгізумен айналысатын корпорацияларда жұмыс істей алады.
Осы мамандықтың артықшылығы аралас салаларды игеру, мамандандыру және дамыту мүмкіндігінің бар болуында.
Осы мамандықтың кемшілігі әртүрлі зиянды препараттармен улану, химиялық күйік алу, аллергиялық реакциялардың пайда болу қаупінің бар болуында.