Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Фельдшер» біліктілігі тағайындалып, олар келесідей мүмкіншілік алады:
- стационар, емхана, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерінде (ФАП), алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарында түрлі жастағы науқастарға арналған медициналық-диагностикалық, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысу;
- науқастың жағдайын бағалау және өткір аурулар мен жазатайым оқиғалар барысында жедел медициналық жәрдем көрсету;
- эпидемияның төтенше жағдайларында, жаппай эпидемиялық жағдайда халыққа медициналық көмек көрсету;
- науқастарды оңалтуға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, ауруханаларда, жалғызбасты науқастарға, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы науқастарға күтім жасау мен интернаттарға орналастыруды ұйымдастыруға қатысу үшін қайырымдылық қызмет көрсету; науқастармен және олардың отбасыларымен ынтымақтастықта болып, науқастың құқықтарын құрметтеу және әр түрлі жастағы халықтың денсаулығын нығайту және қолдау шараларын жасау;
- науқастың денсаулығына (физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) қауіпті факторлар туралы және олардың денсаулығына әсерін азайту туралы халыққа кеңес беру;
- науқас пен оның әртүрлі жастағы отбасы мүщелеріне денсаулықты қалай сақтауға үйрету;
- заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, ауруды анықтау сондай-ақ жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алу