«Геодезия және картография» мамандығының түлектері оқуды аяқтағаннан кейін әртүрлі геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды орындау дағдыларын меңгереді.
Болашақ жұмыстың ерекшеліктері:
- аумаққа аспаптық зерттеу жүргізу
- ауданның жоспарлары мен карталарын жасауға байланысты есептеулерді жүргізу
- құрылыс және пайдалану кезінде өндірістік, тұрғын үй, гидротехникалық құрылыстарды геодезиялық бақылау
- жобаларды әзірлеу және карталар мен атластарды жасау, жалпы географиялық және тақырыптық карталарды құрастыру және ресімдеу.