Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Әскери-өнеркәсіптік кешенді, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысты қоса отырып, экономиканың барлық салалары, Жер ресурстарын басқару, жер кадастрын жүргізу және т. б. саласындағы мемлекеттік органдар.
Кәсіби қызмет объектісі:
- Жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер;
- ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары;
- азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар;
- пайдалы қазбалар кен орындары;
- жер учаскелері, қалалық аумақтар;
- табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.
Кәсіби қызмет түрлері:
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық, оқу-тәрбие);
- өндірістік-басқарушылық;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
- жобалау.
Кәсіби қызметінің функциялары:
-геодезиялық, топографиялық түсірістерді, пландық-картографиялық материалды түзетуді ұйымдастыру және жүргізу, жер учаскелерін бөлу;
- сандық топографиялық және тақырыптық пландар мен карталарды, жергілікті жердің сандық модельдерін және жер бедерін құрастыру;
- геодезиялық, аэрофототүсіру, іздестіру, зерттеу және картографиялық жұмыстарды жүргізуді басқару және ұйымдастыру;
- геоақпараттық деректер базасын жүргізу.