Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі тағайындалып, олар келесідей мүмкіншілік алады:
- салауатты өмір салтын насихаттау әдісіне ие денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру;
- халықтың санитарлық мәдениет деңгейін көтеру;
- азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты және өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және жою үдерісі талаптарына байланысты, Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін ескеру және қадағалау
- қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу, өнеркәсіптік, қоғамдық, тұрғын және басқа үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды ұстауға арналған белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау, алынған ақпаратты жинау, талдау және статистикалық өңдеу әдістеріне ие болу;
- гигиеналық нормаларға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу;
- жұқпалы және паразиттік ауруларды қадағалау;
- өткізілген санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың тиімділігін бағалау;
- аурудың жедел және ретроспективті эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
- жұқпалы ауруларға халықтың иммунитетін арттыру үшін медициналық иммунобиологиялық препараттарды қолдануды бақылау.